21 қазан 2019 | 09:22

Қазақстан азаматы Ресейде 20 метрлік мұнарадан Путинді келіссөзге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ust-kut24.ru © ust-kut24.ru

29 жастағы қазақстандық Ресейдің Иркутск облысындағы Усть-Кут станциясында пойыз басшысымен сөзге келіп қалған соң 20 метрлік мұнараға шығып, Путинмен байланыстыруды талап еткен, - деп хабарлайды ust-kut24.ru.


Иконка комментария блок соц сети

29 жастағы қазақстандық Ресейдің Иркутск облысындағы Усть-Кут станциясында пойыз басшысымен сөзге келіп қалған соң 20 метрлік мұнараға шығып, Путинмен байланыстыруды талап еткен, - деп хабарлайды ust-kut24.ru.

Басылымның мәліметінше, басшылық өкілдері оны мұнай өндірумен айналысатын компанияға жұмысқа алмай қойған. Нәтижесінде ер адам ішімдік ішіп, Қазақстанға оралатынын айтқан. Бірақ пойыз басшылығының өкілдері оны мұндай күйде үйге кетуге болмайтынын айтқан.

Осылайша, ол пойыздың тоқтауына бірнеше уақыт қалғанда мұнараға шығып алып, оған біреулер жақындаса, суицид жасаймын деп қорқытқан. Бірақ, қуанышқа орай, көлік полициясының басшылығы қазақстандықтың анасымен байланысқа шығып, ер адамды көндіру мүмкін болды.

Кейінірек, басылымның мәліметінше, ер адам ірі мөлшерде айыппұл төлеген. Сондай-ақ, оған енді Ресейге кіруге тыйым салынуы мүмкін екені айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети