Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін БҚО тұрғындары коронавирус жұқтырған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

18-19 сәуірде жаңадан тіркелген КВИ жағдайлары бойынша ақпарат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

18-19 сәуірде жаңадан тіркелген КВИ жағдайлары бойынша ақпарат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 сәуірде сағат 22:30-да коронавирус жұқтырған 15 адам, 19 сәуірде сағат 10:00-де 24 адам тіркелген болатын.

Қостанай облысы - 6 жағдай (18 сәуір)

Бес жағдай 1943, 1949, 1950, 1987 және 2017 жылғы азаматтардан анықталды. Барлығы да бұрын ауырған адамдармен көршілес, жақын байланыста болған. Олар Жітіқара инфекциялық бөлімшесіне жатқызылып, қажетті ем қабылдауда.

Алтыншы жағдай Арқалық қаласының 48 жастағы тұрғынынан анықталды. Ауруханаға жатқызылып, қалай жұқтырғаны анықталып жатыр.

Батыс Қазақстан облысы - 7 жағдай (18 сәуір)

Барлығы - Ресей Федерациясында вахталық әдіс бойынша жұмыс істейтін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Олардың ең кішісі - 20-да, ең үлкені - 47 жаста.

"Тасқала" бекетінде санитарлық-карантиндік өткізу пунктінде контактсіз термометрия жүргізу арқылы эпидемиологтар вирусты анықтады. Науқастарың дене қызуы болмаған, алайда алгоритмге сәйкес барлық азамат карантиндік стационарға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 7 пациентте КВИ диагнозы нақтыланды.

Науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Ақмола облысы - 1 жағдай (19 сәуір)

Целиноград ауданындағы бұрын КВИ тіркелгендермен байланыста болған адамдардың арасында болған 2000 жылғы қыздан анықталды.

Қызылорда облысы - 4 жағдай (19 сәуір)

Олардың екеуі Қызылорда қаласынан, екеуі Жаңақорған ауданынан анықталды.

Екеуі - 27 және 68 жастағы әйел адамдар, қалған екеуі - 19 және 65 жастағы ер адамдар.

Үшеуі өздеріне дейін КВИ жұқтырғандармен байланыста болған. Ал төртінші адамнан пневмония симптомдарына байланысты сынама алғанда анықталды.

Павлодар облысы - 4 жағдай (19 сәуір)

Екеуі - 1988 жылғы ер және 1995 жылы туған әйел Павлодар қаласының тұрғындары.

Екеуі - 1955 жылы туған әйел және 1961 жылы туылған ер адам Екібастұздың тұрғындары.

Барлығы бұрын ауырған адамдармен байланыста болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer