Ресейдегі өрттің түтіні Қостанай облысына жайылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдегі өрттің түтіні Қостанай облысына жайылды

Қостанайды түтін басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Костанайские новости басылымына сілтеме жасап. Төтенше жағдайлар департаменті оның орын алу себебін түсіндірді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайды түтін басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Костанайские новости басылымына сілтеме жасап. Төтенше жағдайлар департаменті оның орын алу себебін түсіндірді.

Басылым мәліметінше, облыс орталығында өрт иісі шығып тұр. Түтінге Ресейдің Қорған және Түмен облыстары аумағындағы табиғи өрт себеп болған.

Фото Aalau.kz

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, табиғи өрт Свердловск, Түмен және Қорған облыстарында болған. Қорған облысында өрт салдарынан 300-ден аса тұрғын үй өртенген. Құрбандар мен зардап шеккендер бар. Үкімет бұған себеп ретінде құрғақ ауа райын атады. 8 мамырда орман өртіне байланысты Қорған және Түмен облыстарында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети