02 мамыр 2017 | 10:29

Ресейден карантинге жатқызылған картофель жеткізілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© udec.ru © udec.ru

Ресейден карантинге жатқызылған картофель жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейден карантинге жатқызылған картофель жеткізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 14-нен 28-ші сәуір мерзімінде жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеріп қарау барысында Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдік карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 39 фактісі анықталды", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, Ресей Федерациясынан (48,426 тонна көкөніс пен жемістер, 67,6 тонна күріш жармасы, 2000 дана көшет, 47 текше метр кесілген ағаш дайындамалары, 29 кг көкөніс пен гүл дақылдарның тұқымдары), Қырғыз Республикасынан (48 тонна қырыққабат, 20 тонна сәбіз) өнімдер республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінгені хабарланып отыр.

Сонымен бірге, 20 тонна ресейлік картопта карантин нысаны - картоптың алтын түстес жұмырқұрты табылды.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасынан (816 дана көшет, 74 кг кептірілген жемістер, 7 дана құмыралық гүлдер) өнімдер қол жүкпен әкелінуіне тиым салынуының бұзылуы анықталды.

Карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағымен 204,13 тонна, 47 текше метр және 2823 дана экспорттаушы мемлекеттердің аумағына кері қайтарылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети