Ресейден Қазақстанға 21 компания көшірілді - СІМ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейден Қазақстанға 21 компания көшірілді - СІМ Фото:elements.envato.com

Ресейден Қазақстанға 21 кәсіпорын көшті, тағы 13-і пысықталып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейден Қазақстанға 21 кәсіпорын көшті, тағы 13-і пысықталып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресей мен Беларусьте өз қызметін тоқтатқанын жариялаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықаралық корпорацияларды Қазақстанға көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әлемнің 37 елінен 362 ірі компанияның тізімі жасалды. Бүгінде 21 компания көшірілді. Қазақстанға 13-і пысықталып жатыр, тағы 28 компания бойынша белсенді келіссөздер процесі жүріп жатыр", - деді Смадияров Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Ол Еуразия құрлығы орталығында орналасқанын ескере отырып, Қазақстан өзінің транзиттік және логистикалық әлеуетін нығайтып отырғанын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан экономикасында логистикадағы халықаралық қызметтердің тұтас бір саласы қазірдің өзінде қалыптасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.04  course down  601.1  course down  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети