03 наурыз 2014 11:45

Ресейден мұнай өнімдерін жеткізетін бірегей оператор құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ©Мансұр Хамит Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ©Мансұр Хамит

Қазақстан бағаны тұрақтандыру мақсатында Ресейден мұнай өнімдерін жеткізетін бірегей оперетор құратын болады. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Республиканың ішкі нарығын тұтастай қамтамасыз ету және мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мұнай өнімдері жеткізілімдерінің кестелері бекітіліп, бензин мен дизелдік отынның шекті жол берілетін бағалары ай сайын белгіленіп отыратын болады. Мұнай өнімдерінің импорттық көтерме жеткізілімдерін реттеу және ішкі нарықта тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында "ҚазМұнайГаз Өнімдері" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан Ресей Федерациясынан бірыңғай мұнай өнімдері жеткізілімдері бойынша оператор құрылатын болады", деді министр Ерболат Досаев Үкімет сағатында. Бұдан бөлек, экономика министрі тарифтердің өсуіне жол бермеу үшін 1,2 пайыздық тармақ деңгейінде реттелетін қызмет көрсетулердің тарифтері мен бағаларының 2014 жылға арналған инфляцияға шекті салымы қамтамасыз етілетінін жеткізді. "Бұл ретте 2014 жылғы мамыр айынан бастап реттелетін қызмет көрсетулердің жаңа тарифтері мен бағалары қолданысқа енгізілетіні көзделеді", деді Е. Досаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети