Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.00
EUR / KZT - 362.80
CNY / KZT - 47.57
RUB / KZT - 5.50

Ресейден шығын өндіру мәселесі созылып барады

06 Ақпан 2014, 14:48
0
"Байқоңыр" ғарыш айлағында "Протон-М" зымыран тасығышының құлаған сәті. ©РИА Новости
"Байқоңыр" ғарыш айлағында "Протон-М" зымыран тасығышының құлаған сәті. ©РИА Новости
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев "Протон-М" зымыран тасығышының құлауына байланысты өтемақы өндіру мәселесінің созылып бара жатқанын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Байқоңыр" кешені аумағындағы өзекті мәселе - экологиялық ахуал. Зымыран тасығыштардың әрбір ұшырылымы халық арасында әлеуметтік ширығуды туғызады. Соған байланысты біз "Байқоңыр" кешені аумағында ҚР Экологиялық кодексін қолдану мәселесін көтердік, "Протон" зымыран тасығышы апаты кезінде қоршаған ортаның ластануынан болған шығынды есептедік, бірақ Экологиялық кодексті қолдану және шығынды өндіру мәселесі әлі күнге дейін созылып келеді", - деді Бақытжан Сағынтаев "Қазғарыштың" алқа мәжілісінде.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігіне "Жол картасы" шеңберінде өзге мемлекеттік органдармен бірге осы жұмысты белгіленген мерзімге дейін аяқтауды тапсырды.

Еске салайық, былтыр шілденің 2-сінде үш "Глонасс-М" байланыс спутнигі бар "Протон-М" зымыран тасығышы ғарыш айлағы аумағынан көтерілмей жатып құлап түскен болатын. Қазақстан тарапы еліміздің экологиялық ахуалына келген шығынның 13 млрд теңгеден асатынын есептеп шығарды. Шығынды өндіру туралы талап Ресейге өткен жылдың қазан айында дипломатиялық арналармен жолданды. Ал Ресейдің федералдық ғарыш агеттігі бұл оқиғаға қатысты өз сараптамасын жүргізетінін хабарлаған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай