20 наурыз 2014 | 11:32

Ресейден заңсыз жылқы еті тасымалданады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ochevidets.ru сайтынан Фото ochevidets.ru сайтынан

Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералды қызметінің (Россельхознадзор) Новосібір облысы бойынша басқарма инспекторлары Қазақстанға жылқы етін заңсыз тасымалдауды анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Доволенск ауданынан Қазақстанға бет алған бір азаматтың жүк машинасынан 360 келі жылқы еті тәркіленді", - делінген ресми хабарламада. Сол азамат онымен қоймай, бірнеше күннен кейін тағы осы іспетті заң бұзушылыққа барған. Бірақ осы жолы ол 90 келіге артық, яғни 450 келі жылқы етін Кулинск ауданынан алып шықпақшы болған. "Новосібір - Павлодар" тас жолында оны инспекторлар қайтадан ұстады. Ресми ақпаратқа сәйкес, тез бұзылатын жүктің бұл түрі тиісті талаптарға сай келмейтін жағдайда тасымалданған, яғни еттің сақталуына қажетті температуралық режим болмады. "Ресейдің ветеринарлық заңнамасына сәйкес, заңсыз жылқы етінің барлығы шыққан жерге қайтарылды. Ал заң бұзушы азамат айыппұл төлеу сияқты әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп мәлімдеді Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералды қызметі.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети