02 шілде 2014 16:02

Ресейдің Қазақстанды аяқтан шалуы мүмкін бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz сайтының иллюстрациясы Tengrinews.kz сайтының иллюстрациясы

Таяуда Қазақстан мен Беларусь Ресейдің украин тауарларына баж салығын салу туралы ұсынысынан бас тартты. Бұл - біздің еліміздің Украинаға қатысты Ресейдің өрескел саясатын екінші рет қолдамауы. «Алаш айнасы» хабарласқан маман осы сақтық позициямызға ұдайы берік болуымыз керектігін, өйткені аяусыз бәсекелестік алаңы Еуразиялық Одақ аясындағылар Қазақстанның Үдемелі индустриялық инновациялық даму жөніндегі стратегиялық бағдарламасының өзін істен шығарып тастауға баруы мүмкін екендігін айтады...

«Бүкіләлемдік қаржы дағдарысы кезінде көптеген мемлекет одан шығу «рецептісі» ретінде инновацияны пайдаланды. Алайда РФ бұлай етпеді, оның орнына қару-жарақ саласына аямай ақша төкті. Ал Қызыл Кремлдің мұндай саясатымен келіспеген Кудрин сынды қаржыгерлер өз қызметінен кетуге мәжбүр болды. Сондықтан дағдарыстан соңғы жылдары кейбір ел даму көрсеткішін жақсартып жатса, Ресейдің хал-ахуалы керіге кетіп, даму қарқыны 3 есеге төмендеді. Ал қазіргі жағдайы мүлдем мәз емес. Сондықтан бәсеке алаңында Мәскеу шалт қимылдарға барып, өз мүддесін мейілінше қорғауға тырысады. Тіпті, Қазақстанда индустриалдық-инновациялық бағдарламасының сәтті жүзеге асуы оларға тиімсіз, демек, аяқтан шалу міндетті түрде болады. Мұндайда Қазақстан өз позициясын Украинаға қарсы тауар баж салығын салуға қарсы екенін білдіргендей, ашық айтып, бұл бағытқа ең мықты заңгерлерін, экономисттерін жұмылдырып отыруы керек», – дейді экономика ғылымының докторы, профессор Тоқтар Есіркепов.

Сондай-ақ үш мемлекеттің бір-біріне тауар алмасудағы тепе-теңдік бұзылса да үлкен қауіп бар көрінеді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети