03 сәуір 2015 | 12:52

Ресейдің ірімшігі мен сүт өнімдерінен ішек таяқшалары табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ресейде өндірілген ірімшікте және сүт өнімдерінде ішек таяқшалары мен микроорганизмдердің бактериялары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері сүт өнімдерінің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін зерттеп жатыр. Биыл наурызда сүт өнімдерінің 337 сынамасы зерттелді, 82 сынамада бұзушылық анықталды.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейде өндірілген ірімшікте және сүт өнімдерінде ішек таяқшалары мен микроорганизмдердің бактериялары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері сүт өнімдерінің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін зерттеп жатыр. Биыл наурызда сүт өнімдерінің 337 сынамасы зерттелді, 82 сынамада бұзушылық анықталды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының сауда кәсіпорындарынан 2 тонна 529 литр сүт өнімі алынды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Астана қаласында: "Magnum" супермаркетінде іріктеп алынған сынамаларды зерттеу нәтижелері бойынша, Алтай өңірі, Рубцовск қаласы "Вимм-Билль-Данн" ААҚ өндірген "Ламбер" 50 пайыздық ірімшігінде ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталды.

"Орлов облысы, Верховье кенті "Верховский молочно-консервный завод" ЖАҚ өндірген "Сливочки сгущенные с сахаром Славянские" 19 пайыз құрамында сүт бар қойылтылған, қант, өсімдік майы қосылған өнімінде, сондай-ақ "Главпродукт" 8,5 пайыз қант қосылып қойылтылған, қаймағы алынбаған сүтте мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдер мөлшерінің жоғары болуы анықталды", - делінген хабарламада.

Алматы облысында: Омбы қаласы "Вимм-Биль-Данн" ААҚ өндірген "Домик в деревне" 2,5 пайыз сүтінің сынамасында және Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы "Вимм-Биль-Данн" ААҚ өндірген "Домик в деревне" 3,2 пайыз сүтінің сынамасында құрғақ майсыздандырылған сүт қалдығының төмен мөлшері анықталды, сынамалар Талдықорған қаласындағы "Сити Плюс" сауда орталығында іріктеп алынған.

Қызылорда облысында: физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша мынадай өнімдерде сәйкессіздік анықталды: Орлов облысы "Верховский молочно-консервный завод" ЖАҚ өндірген Главпродукт "Столичная" қант қосылған қойылтылған сүтте, сынамалар "SMALL" сауда үйінен алынған, Ступино қаласы "Кампина" ЖШҚ өндірген "Сливочное лакомство Фруттис" 5 пайыз, банан-бүлдірген йогурт өнімінде, сынамалар Қызылорда қаласындағы "Аль-Асад" сауда үйінен алынған, Орлов облысы, Верховье кенті "Верховский молочно-консервный завод" ЖАҚ өндірген "Юбилейная" қант қосылған қойылтылған сүтінде, "Птичье молоко" қойылтылған сүтінде, "Славянские" Главпродукт қант қосылған қойылтылған сүтінде, сынамалар Қызылорда қаласындағы "RetialA-A" ЖШС-нің "Аль-Асад" сауда үйінен алынған.

Техникалық регламенттер талаптарын барынша көп бұзу мына сүт өнімдерінде анықталды: "Вимм-Билль-Данн" ААҚ, "Верховский молочно-консервный завод" ЖАҚ, "Компания Юнимилк" ААҚ, "Данон Индустрия" АҚ, "Бішкексүт" ААҚ Ақмола облысының сауда кәсіпорындарында - Көкшетау қаласындағы "Орталық гастроном" супермаркетінде. Қызылорда облысында: Қызылорда қаласындағы "Аль-Асад" сауда үйінде;
Оңтүстік Қазақстан облысында: "Имран" сауда үйі, "Метро" сауда орталығында;
Алматы облысында: Талдықорған қаласындағы "Сити плюс" супермаркетінде; Астана қаласында: "Magnum" супермаркетінде; Алматы қаласында: "Юбилейный", "Green Mart" супермаркеттерінде.

Комитеттің аумақтық департаменттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда объектілеріндегі, сонымен бірге жеткізушілердің қоймаларындағы жоғарыда көрсетілген сәйкес келмейтін өнімдерді айналымнан алу бойынша іс-шараларды жүргізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети