16 тамыз 2017 | 10:49

Ресейдің Сладкое көлін Қазақстанға толық бергені туралы ақпарат жоққа шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sputnik © Sputnik

Ресейдің Новосібір облысының заңнамалық жиналысының вице-спикері Андрей Панферов Купин ауданындағы Сладкое көлінің Қазақстанға берілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды РИА Нововсти


Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Новосібір облысының заңнамалық жиналысының вице-спикері Андрей Панферов Купин ауданындағы Сладкое көлінің Қазақстанға берілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды РИА Нововсти

Мұның алдында Купин ауданының әкімшілігі демаркациядан кейін Сладкое көлінің Ресей аумағындағы бөлігі Қазақстанға толық берілгені туралы мәлімдеген болатын. Кейінірек Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі шекара бұрынғы күйінде қалғанын және көлді сол күйінде бөліп тұрғанын хабарлаған (70:30 Қазақстан пайдасына).

"Көлдің бір шеті біздікі. Шекара қайдан өтіп жатты, сол күйде сақталды. Мемлекет аумағының бір бөлігін біреуге бере салуды дегенді қалай елестетіп отырсыздар?", - дейді аймақтық парламент вице-спикері "Коммерсант" газетіне. 

Купино ауданының басшысы Владимир Шубинковтың сөзіне сүйене отырып, ол көлді толықтай Қазақстанға беру "еріккенің әңгімесі" екенін айтты. Панферовтың сөзінше, аудан басшылығы деморкация жүріп жатқан орындарға бармауға ғана кеңес берген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети