Қазақстандағы сайлау бақылаушысы, саяси зерттеулер институтының бас директоры Сергей Марков сайлау кампанияларының оны таңғалдырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандағы сайлау бақылаушысы, саяси зерттеулер институтының бас директоры Сергей Марков сайлау кампанияларының оны таңғалдырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Маған ұнаған бір дерек. Әдетте біздің елдерде сайлау шаралары оқу орындарында, мектептерде өткізіледі. Біз бүгін моншада орналасқан сайлау учаскесіне қуана бардық. Мен моншадағы сайлау учаскесін бірінші рет көріп тұрмын. Сол үшін де мақтайтын едім. Сайлаушылар үшін жақын, адамдар бұл туралы не ойлайды деп ұялып, толғанған жоқ. Сайлаушыларға жақын болу үшін моншаға орналастырылған. Менің ойымша, бұл дұрыс әрі жақсы шешім, өзгелерге де үлгі етемін", - деді Марков Астанада өткен брифингте.
Оның ойынша, биліктің бұл шешімі адамдарға дауыс беру үшін мүмкіндік жасауға арналған. Ол дауыс беру орны неғұрлым жақын болса, сайлаушылар да көп келеді, сайлау процесінің легитимділігі де мықтырақ болады.
РФ бақылаушылар тобы.