Ресейлік халал шұжықтан шошқа еті табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Қазақстанда сатылатын Ресейден әкелінген сиыр етінің консервілері мен жартылай ысталған "Мусульманская" шұжықтарынан шошқа ДНҚ-сы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда сатылатын Ресейден әкелінген сиыр етінің консервілері мен жартылай ысталған "Мусульманская" шұжықтарынан шошқа ДНҚ-сы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижелерін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" бөліскен.

Наурызда халық тұтынатын тауарлардың сапасына мониторинг жүргізу аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 ет сынамасын сатып алғаны атап өтілді.

"Зерттеу нәтижесінде сиыр еті консервілерінің екі үлгісі және шұжық өнімдерінің бір үлгісі құрамына сәйкес емес болып шықты: "Мусульманская" жартылай ысталған шұжығы (өндіруші: Павлов А.С. жеке кәсіпкерлігі, Ресей, Башқұртстан); "Говядина тушеная высший сорт" кесек етті стерильденген консервілер (өндіруші: "Стандарт" Қорған ет комбинаты", Ресей, Қорған); "Говядина тушеная высший сорт" стерильденген кесек етті консервілер (өндіруші: "Орелпродукт" АҚ, Ресей, Орел облысы)", - делінген хабарламада.

Ведомство құрамында еті бар, тартылған ет, стерильденген "Свинина обеденная" консервілерінде тауықтың ДНҚ-сы табылғанын қосты (өндіруші: "Селятино" ет комбинаты, Ресей, Мәскеу облысы).

Осы заңбұзушылықтарға байланысты өнімдер құрамына сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізілген.

"Ұлттық сараптама орталығы" филиалы мамандарының айтуынша, азық-түлік өнімдерін өндірушілер көбінесе қате таңбалайды, оның ішінде заттаңбада көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro