Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазақстандық студенттер Ресейге оқуға қашаннан бастап бара алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазақстандық студенттер Ресейге оқуға қашаннан бастап бара алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Шешім қабылдайтын жедел штаб бар. Бұл сыртқы саясат мәселесі емес, бұл білім беру мәселесі емес. Бұл ең алдымен біздің және сіздің санитарлық және эпидемиологиялық билік органдарының мәселесі.
Шешім Ресейдің Сыртқы істер және білім министрліктерінің бірлескен ұсыныстары негізінде қабылданды. Барлық елдің, соның ішінде қазақстандық студенттерге мүмкіндік беретін нақты мерзімдер жақын арада анықталады. Бір ай ішінде бұл мәселе шешіледі деп сенемін", - деді Лавров.
Еске салайық, мұның алдында Ресейдің ЖОО-ларында білім алып жатқан қазақстандық студенттер қашықтан оқуда проблемалар болып жатқанын және сондықтан оларға шекараны ашуды сұраған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!