Ресейлік миллиардерді әскерилер лаңкес деп ойлап қалған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда ресейлік миллиардер, "Технониколь" компаниясының тең иесі Игорь Рыбаковты әскерилер лаңкес деп қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне кәсіпкердің өкілі Глеб Климентьев хабарлады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ресейлік миллиардер, "Технониколь" компаниясының тең иесі Игорь Рыбаковты әскерилер лаңкес деп қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне кәсіпкердің өкілі Глеб Климентьев хабарлады. 

Қалада 5 қаңтардан бастап ТЖ режимі жарияланып, терроризмге қарсы операция жүріп жатқаны белгілі. Кәсіпкер бірнеше күн интернетсіз, байланыссыз болған. Сондай-ақ, рейстер тоқтап, Алматыдан ұшып кете алмаған. 

"Кеше блокбекетте мені лаңкес деп қалды. Мен шынымен, соларға ұқсаймын ба?", - дейді Игорь Рыбаков.

Фото: instagram.com/rybakov_igor

"Қазақстаннан қайтуға тырысып жатырмын, бірақ әзірге нәтижесіз. Алматыдан қауіпсіз жерге шығып, сол жерден ұшып кетемін деп тұрмын. Менің мұнда көргенім БАҚ-та, Ресейде көрсетілгендерден сәл өзгеше. Жағдай біржақты көрсетіліп жатыр, іште тағы көп нәрсе байқадым. Қазір материалдар жинап жатырмын, қайтқан соң үлкен видео жасаймын", - деген еді Игорь Рыбаков Қазақстанда жүргенде.

Рыбаков Қазақстанға 3 қаңтарда келген. Ол Алматыға жаңажылдық мерекелерде демалуға келіп, 10 қаңтарда қайтуы керек болған. Сондай-ақ, Қазақстанда кітабының тұсаукесері мен бизнес-форум жоспарланған. Бірақ қазіргі жағдайға байланысты іс-шаралар кейінге қалдырылды.

Бүгін Рыбаковтың Ресейге оралғаны белгілі болды.

"Отаныма, Ресейге жеттім. Алматыдан әскери бортпен ұшуға тура келді. Менімен бірге болған және физикалық, рухани тұрғыдан көмектескен әрбір жанға рақмет. Бүгін осы жылдың басын қалай өткізгенім, Қазақстан көшелерінде және осы уақытта менімен не болғаны туралы YouTube-шығарылым жасауға кірісемін. Мықты шығарылым болатынына сенемін. Көп қызық әрі сұмдық ақпарат жинадым, мені қалай лаңкес деп қалғаны, Көк-Төбедегі телемұнараға қалай шабуыл жасалғанын көрсетемін", - деді Игорь Рыбаков.

Игорь Рыбаков - кәсіпкер, өнеркәсіпші және қоғам қайраткері, венчурлық инвестор, филантроп, Forbes журналындағы Ресейдегі ең бай адамдар тізіміне кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro