Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ресейліктер Ақтөбе облысындағы жазғы лагерьлерге уақытша орналастырылады 30 қыркүйек 2022, 14:47

Ақтөбе облысына келген ресейліктер балалар лагерьлеріне уақытша орналастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Ресейліктер Ақтөбе облысындағы жазғы лагерьлерге уақытша орналастырылады Ресейліктер Ақтөбе облысындағы жазғы лагерьлерге уақытша орналастырылады

Ақтөбе облысына келген ресейліктер балалар лагерьлеріне уақытша орналастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов журналистермен кездесуде соңғы аптада аймаққа 7 мың ресейлік келгенін, тағы 2 мыңы кезекте тұрғанын айтты.

"Қазір пәтерді бір күндік жалдау ақысы 40-50 мың теңгеге дейін өсті. Бірақ біздің оған араласуға құқығымыз жоқ. Бұл азаматтар қиналғаннан келіп жатыр, балаларымен бас сауғалап келгендер де бар. Ең бастысы - біз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек. Қазір біз арнайы тіркеу орталығын ұйымдастырдық. Бүгін 1500-ден аса адам жеке сәйкестендіру нөмерін алды. Яғни олар елде қалғысы келеді деген сөз. Қалғандары кетуге ниетті. Бұл отбасыларды жылытуы бар жазғы лагерьлерге орналастыруды ұйғардық. Осы лагерьлердің басшылығымен сөйлестік. Ол жерде қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Бір күнге бір орынға шамамен 10-15 мың теңге төленеді. Бұл үш лагерьге 500-ге жуық адам орналаса алады", - деді облыс әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram