Ресейліктер Қазақстанмен шекарадағы жағдай туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейліктер Қазақстанмен шекарадағы жағдай туралы айтты Фото:instagram.com/typicaluralsk

Ішінара мобилизация басталғаннан кейін Қазақстанға келген Ресей азаматтары шекара бекеттеріндегі жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішінара мобилизация басталғаннан кейін Қазақстанға келген Ресей азаматтары шекара бекеттеріндегі жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісі жақында ғана шекарадан өткен бірнеше ресейліктен сұхбат алды.

Алимбет есімді Ресей азаматының айтуынша, шекарадан өту процесі екі сағатқа созылған.

"Айтарлықтай жылдам, Шымкенттегі туыстарымызға бара жатырмыз", - дейді Алимбет.

23 жастағы IT-маман Қазақстанға отбасымен келген.

"Қазір туыстарымызға барамыз - көптен бері шақырып жүрген. Мына түсініксіз жағдай кезінде бір аптаға демалысқа шығуды ұйғардық. Бізді күтіп отыр", - деді тағы бір ер адам.

Ресейлік әйел Наталья да Қазақстанға отбасымен Екатеринбургтен келгенін айтты.

"Мен медбике және әскери қызметке міндетті адаммын. Біз Қазақстанға 21 қыркүйекте келіп, Қостанайға тұрақтадық. Қазақстанда жалдамалы пәтерде тұрдық. Бір аптаға жуық осында болуды жоспарлап отырмыз. Азияға билет сатып алып жатырыз. Болашақта Тайландқа ұшуды жоспарлап отырмыз. Онсыз да Қазақстан арқылы ұшқымыз келген, қарашаның аяғына қарай, бірақ қазіргі жағдайға байланысты ерте келуді жөн көрдік", - деді Наталья.

Әйелдің айтуынша, оның төлқұжатында әскери міндетті деген белгі бар, бірақ шекарадан өтуде еш қиындық болмаған.

Тағы бір ресейлік азамат тілшіге берген сұхбатында Саратовтан Оралға бара жатқан жолда 13 сағат бойы Қазақстанға кіретін пунктте болғанын айтты.

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресейде ішінара жұмылдыру жарияланды. Ресей билігі армияға 300 000 запастағы жауынгерді шақыруға ниетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети