Ресейліктер легіне байланысты ХҚКО-лардағы жағдай айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейліктер легіне байланысты ХҚКО-лардағы жағдай айтылды видео кадры

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ресей азаматтарының легі халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезектерге әсер етпегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ресей азаматтарының легі халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезектерге әсер етпегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Корпорация халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесін өзгертуге Қазақстанға шетелдіктердің келуі себеп болмағанын хабарлады.

"Клиенттер ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс уақытын ұлғайтуды бұрыннан сұраған, себебі жұмыс күндері мемлекеттік қызметтерді алуға үлгермейді. Осыған байланысты Мемлекеттік корпорация клиенттерге ыңғайлы болуы үшін алдымен кезекші ХҚКО-лар жұмысын қайта бастады, олар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін және сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді, ал осы аптадан бастап кезекші мамандандырылған ХҚКО жұмысты қайта бастады", - деді "Азаматтарға арналған үкіметтің" Қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Нариман Дүйсекеев.

Қазақстандықтар сенбі күні жүргізуші куәлігін алу, көлік құралдарын тіркеу, сондай-ақ мемлекеттік нөмір беру қызметтеріне жүгіне алады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мәліметінше, өткен аптада 12 798 адам ЖСН алуға өтініш берген.

"Осы аптада клиенттер саны 10 354 болды. Сондай-ақ, мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы бақылау камераларының жазбаларын зерттей келе, халыққа қызмет көрсету орталықтарында клиенттердің жиналуы анықталмады", - деп қорытындылады компания өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети