Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақтың кез келген азаматы (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) одақ аумағындағы кез келген екінші деңгейлі банктен несие ала алады. Одақтастарымыздың қазақстандық банктерге қарызы қанша, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақтың кез келген азаматы (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) одақ аумағындағы кез келген екінші деңгейлі банктен несие ала алады. Одақтастарымыздың қазақстандық банктерге қарызы қанша, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сауалға берген жауабына сәйкес, биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша ЕАЭО елдерінен келген 1178 клиенттің қазақстандық банктер алдындағы жалпы қарызы 116 миллиард 384 миллион теңге.
Қазақстандық банктерге көбіне ресейліктер жүгінеді - 1135 жеке және заңды тұлға. Олардың қарызы 75 миллиард 794 миллион теңге болған. Қырғызстаннан келген 24 жеке және заңды тұлға біздің банктерге 40 миллиард теңгеден аса қарыз. Мұндай сомалар фонында Беларусь азаматтарының қарызы күлкілі болып көрінеді: 14 клиенттің жалпы қарызы небәрі 3 миллион теңге болады. Бұл - әрқайсына 200 мың теңгеден сәл артық. Бір қызығы, бұл елден қарыз алушылардың барлығы - жеке тұлғалар.
Қазақстан бейрезиденттері жалпы қарызының басым бөлігі заңды тұлғаларға берілген несиелер 109 миллиард 675 миллион теңге. Бұл ретте ресейлік 22 заңды тұлғаның қарызы 69 миллиард 103 миллион теңге, Қырғызстаннан келген сегіз заңды тұлғаның қарызы 40 миллиард 573 миллион теңге болады.
Өз кезегінде ЕАЭО елдерінен жеке тұлғалардың жалпы қарызы 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 6 миллиард 709 миллион теңге. 1113 ресейлік қазақстандық банктерге жалпы сомасы 6 миллиард 692 миллион теңге қарыз. Қырғызстаннан келген 16 клиенттің қарызы небәрі 14 миллион теңге болады.
Қазақстандық банктерден қарыз алғандардың арасында Арменияның бес азаматы да бар. Алайда, 1 сәуірдегі жағдай бойынша олар несиелерін өтеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!