11 наурыз 2022 | 08:36

Ресейліктер Орал базарларынан жаппай азық-түлік сатып алып жатқаны рас па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kp.ru © kp.ru

Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі "Мой Город" басылымына "ресейліктер Орал базарларынан қап-қабымен азық-түлік сатып алып жатқаны" туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі "Мой Город" басылымына "ресейліктер Орал базарларынан қап-қабымен азық-түлік сатып алып жатқаны" туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп сендірді.

"Сауда нысандарындағы жағдайға жедел мониторинг жүргізілді. Негізгі сауда базарларын араладық, сондай-ақ Оралдағы тамақ өнімдерінің негізгі көтерме сатушыларынан ақпарат алынды. Осылайша, басқарма азық-түлікті жаппай сатып алу туралы таратылған ақпарат сенімді емес деп ресми түрде хабарлайды.

Мәселен, көтерме сауда кәсіпорнының басшысы Вера Сабирова облыс тұрғындары тарапынан да, көрші елдердің азаматтары тарапынан да тауарларға дүрлікпе тұтынушылық сұраныс байқалмағанын атап өтті. Халыққа тауарларды өткізу әдеттегі көлемде жүзеге асырылады. Ірі азық-түлік жеткізушілерінің бірі "Шанс" ЖШС өкілінің айтуынша, азық-түлікке жоғары сұраныс та байқалмайды, ал сауда объектілерінің қоймаларында қажетті тауарлардың жеткілікті көлемі бар", - делінген басылым редакциясына жолданған хатта.

Шенеуніктер халықты бағаның негізсіз өсуіне әкелуі мүмкін манипуляция жасамауға шақырады.

Бұған дейін Ресейден келген сатып алушылар журналистерге Орал мен Ақтөбеден азық-түлік сатып алып жатқанын, өйткені олардың бағасы көтерілгенін немесе тапшылығы байқалатынын хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети