Парламент Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілестік және одақтастық туралы шартты ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Парламент Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілестік және одақтастық туралы шартты ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл шарт - Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара әрекеттесудің базалық қағидаларынан тұратын негіз қалаушы құжаттардың бірі. Құжаттың мақсаты - екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, энергетикалық, транзиттік-көлік, экологиялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы стратегиялық және өзаратиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту.
Бұл шарт тараптардың өзара келісілген сыртқы саясат жүргізуін, бейбітшілікті нығайтудағы тығыз өзара қарым-қатынасты, еуразиялық кеңістік пен бүкіл әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттыруды, сондай-ақ, екі мемлекеттің парламенттері, саяси партиялары, қоғамдық ұйымдары арасындағы байланыстарды дамыту мен нығайтуға ықпал етуді қарастырады. Шартта тараптар өзара қарым-қатынасты бір-бірінің аумақтық тұтастығы мен қолданыстағы шекараларының мызғымастығын мақұлдай әрі құрметтей отырып, өзара сенім негізінде тең құқылы әрі тәуелсіз мемлекеттер ретінде дамытады деп көрсетілген.
Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілестік және одақтастық туралы шартқа 2013 жылдың қараша айында Екатеринбургте қол қойылды.