"Ресеймен шекара қазаннан ерте ашылмайды". Ақпаратты әуе компания өкілі түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ресеймен шекара қазаннан ерте ашылмайды". Ақпаратты әуе компания өкілі түсіндірді © astana.kz

Ресейлік БАҚ-та елдің Қазақстанмен шекарасы қазан айынан ерте ашылмайтыны туралы ақпарат пайда болды. "Эйр Астана" мәліметке түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік БАҚ-та елдің Қазақстанмен шекарасы қазан айынан ерте ашылмайтыны туралы ақпарат пайда болды. "Эйр Астана" мәліметке түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейлік БАҚ хабарламасында "қазақстандық әуе компаниялардың бірінің дереккөзіне" сілтеме жасаған. Сонымен қатар, ТМД-ның басқа елдерімен жағдай қалай болатыны белгісіз екені де жазылған.

Қазақстандық "Эйр Астана" әуе компаниясының баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, рейстердің қайта ашылуы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты.

"Ресейге тұрақты рейстерді әуекомпания ірі қалалардан бастауды жоспарлап отыр: Мәскеу және Санкт-Петербургтен. Ал Ресей аймақтарына ұшу күзгі-қысқы навигация басталғанға дейін қайта жанданбайды", - деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков 10 тамыздан бастап Түркияға туристік рейстерді қайта бастау жоспары туралы мәлімдеген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети