Республика бойынша мыңға жуық жас жұмысқа орналасады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республика бойынша мыңға жуық жас жұмысқа орналасады astana.gov.kz

Бүгін елорда студенттерінен құралған құрылыс және "Жасыл ел" еңбек жасақтарының XV еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті, - деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайтында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін елорда студенттерінен құралған құрылыс және "Жасыл ел" еңбек жасақтарының XV еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті, - деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайтында.

Жазғы кезеңде жастар үшін жұмыс орындарын ұсыну жөнінде 10 ұйыммен келісімге қол қойылды. Олардың қатарында "Астана орманы", "Астана көгалдандыру құрылыс" ЖШС, бірқатар құрылыс компаниясы мен білім беру мекемесі бар. Қалаға бөлінген квотаға сәйкес 975 адам жұмыспен қамтылады.

Еске салайық, "Жасыл ел" бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша республиканың барлық өңірінде 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 14 жылдың ішінде елордалық "Жасыл ел" штабы астананы көгалдандыру жұмыстарына, 14 және 29 жас аралығындағы азаматтарды жұмыспен қамти отырып, жастарды әлеуметтендіру ісіне елеулі үлес қосты.

"Жасыл ел" штабы бар республика бойынша өз қамқорлығындағыларды табысты жұмысқа орналастыруда. Жастардың еңбек ұйымдарының қатарына қосылғысы келетін белсенділердің саны жыл сайын артып келеді. Бұдан бөлек, "Жасыл ел" еңбек жасақтарында жазғы кезеңде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жастарды, сондай-ақ ювеналды полицияның есебінде тұрған 14 жасқа толған жасөспірімдерді жұмыспен қамтамасыз ету қарастырылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети