Республика күні Астанада қалай тойланады?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республика күні Астанада қалай тойланады?

Көп жылдардан бері алғаш рет 25 қазанда қазақстандықтар Республика күнін атап өтеді. Астаналықтар мерекені қалай тойлайтынын Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көп жылдардан бері алғаш рет 25 қазанда қазақстандықтар Республика күнін атап өтеді. Астаналықтар мерекені қалай тойлайтынын Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.

Биыл қазақстандықтар Республика күніне орай үш күн - 23, 24 және 25 қазан демалады. 22 қазан, сенбі жұмыс күні.

Отшашу мәселесі әлі шешілмеген. Бірақ қалалық мәдениет бөлімі басқа да қызықты шаралардың кестесін ұсынды.

20-26 қазан аралығында Сәкен Сейфуллин мұражайында "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты тақырыптық көрме өтеді.

24 қазан таңертеңнен бастап "Жастар" сарайында Байқоңыр ауданы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған шаралар өтеді. "АЛЖИР" мұражай-мемориалдық кешенінде "Ерікті ел Қазақстан" мерекелік концерті, "Наз" мемлекеттік би театрында "Республикалар - Қазақстан!" атты концерттік бағдарлама өтеді.

Негізгі халықтық мерекелер 25 қазанға жоспарланған.

Бейбітшілік және келісім сарайында Máńgilik El Daýysy ұлттық музыкалық шоуы өтеді. Бір сахнада Қазақстанның үздік әртістері бүкіл елдің сүйікті әндерін орындайды. ӘMІRE, 2RAR, Нұржан Керменбаев, Yenlik, Ayree және Қайрат Нұртас өздерінің үздік хиттерін шырқайды. 

Ашық аспан астындағы EXPO алаңында "Қазақстаным менің!", мемлекеттік академиялық филармония ұйымдастырған. Концерт бағдарламасы нақтыланып жатыр.

Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында республикалық айтыс - еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақындардың домбыра ойнау және импровизация өнеріндегі сайысы өтеді.

Сондай-ақ, мерекелік кеште Qazaqstan ОКЗ-да Роза Рымбаеваның шығармашылығына арналған концерт өтеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Креативный центр💡 (@creative.ortalygy)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети