24 қазан 2024 | 19:29

Республика күні қарсаңында Аршалы ауданында пәтерлердің кілттері кезекте тұрғандарға табысталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Аршалы ауданының әкімдігі Фото: Аршалы ауданының әкімдігі

Көптен күткен пәтер иелері жетім балалар, толық емес отбасылар, көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер болды.


Иконка комментария блок соц сети

Көптен күткен пәтер иелері жетім балалар, толық емес отбасылар, көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер болды.

Пәтер кілттерін тапсыру рәсіміне Аршалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Жолымбетов қатысты. Аршалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Жолымбетов өз құттықтау сөзінде:

"Мерейлі ұлттық мереке – республика күні қарсаңында пәтер кілттерін алып жатқандарыңыз үлкен қуаныш.Қоныс тойы-кез келген отбасы үшін керемет сәт. Бүгін көптен күткен баспана алып, жаңа қоныстанғандардың барлығын тағы да құттықтағым келеді", - деді.

Құрылыс 2023 жылдың мамырынан бастап жүргізілді. Мердігерлік ұйым Ұрпақ-НС ЖШС болды. Жобаның құны 400 млн. теңгеден асты. Жалпы ауданы 1400 шаршы метрді құрайды. Тапсырыс беруші "Аршалы ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі"ММ болып табылады. Бұл маңызды оқиға халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту бағдарламасының бір бөлігі болды. Үйде 9 бір бөлмелі, 12 екі бөлмелі және 6 үш бөлмелі пәтер бар.

Пәтердің бақытты иесі Ярмұхамедов Аманджон болды:

"Менің отбасым үшін бұл өте маңызды оқиға. Біз жаңа, заманауи пәтер алғанымызға қуаныштымыз. Пәтер жарқын, жайлы, жылы және жақсы жерде орналасқан. Осындай мемлекеттік бағдарламалардың бар екеніне өте қуаныштымыз, осындай бағдарламалардың арқасында өз баспанамызды ала аламыз", - деп Ақбұлақ ауылының тұрғыны журналистермен қуанышымен бөлісті.

Суреттер: Аршалы ауданының әкімдігінен

Аршалы ауданының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети