Республика күні қарсаңында Көгершін ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республика күні қарсаңында Көгершін ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді

Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында 20 қазанда Т.Рысқұлов ауданының Көгершін ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында 20 қазанда Т.Рысқұлов ауданының Көгершін ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Бұрынғы жылдары Көгершін ауылының мәдениет үйі аудандағы ең көрікті ғимараттың бірі болып саналатын. Алайда, тоқырау жылдарында мәдениет ошағы қараусыз қалып, әбден тозығы жетті. Ауыл тұрғындары бұл мәселені кез келген жиында мәселе етіп көтеретін. Міне, сол мәселе биыл оң шешімін тапқан.

Бүгінде Көгершін ауылында аумағы 217,13 шаршы метрді құрайтын 120 орындықты жаңа мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, жаңа ғимарат бой көтерді.

Мереке қарсаңында жаңа мәдениет нысанының ашылу рәсімі ұйымдастырылып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Бұл жағымды жаңалыққа көгершіндіктер дән риза.

Енді түрлі деңгейдегі мерекелік іс-шаралардың барлығы жаңа мәдениет ғимаратында өтетін болады.

Tengrinews
Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети