Республикадағы кейбір ақылы жолдар жеңіл көліктерге тегін болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республикадағы кейбір ақылы жолдар жеңіл көліктерге тегін болуы мүмкін ©Тұрар Қазанғапов

Республикадағы кейбір ақылы жолдар жеңіл көліктерге тегін болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республикадағы кейбір ақылы жолдар жеңіл көліктерге тегін болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз Астана - Бурабай жұмысының мысалында ақылы қызметтің 80-85 пайыз табысының жүк көлігінен, автобустардан келетінін көріп отырмыз, содан болашақта жеңіл автомобильдер үшін жолмен жүрудің құнын бекітпейміз деген ойға келдік, жеңіл көліктер тегін жүреді, тек жүк көліктерінен аламыз. Меніңше, бұл дұрыс болады. Егер депутаттар келесі сессияда қолдаса, біз заңға сәйкес өзгерістерді енгізе алар едік", - деді ҚР Инвестиция және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек бюджет қаражатын жарату бойынша комиссия отырысында.

"Жол талғамайтын көліктерден алу керек", - деді оның мәлімдемесіне Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбильянов.

Осы арада Жеңіс Қасымбек мәселенің республика аймағындағы барлық ақылы жолдарды жеңіл автокөліктер үшін тегін етіп жасау керектігі жайлы екенін тілшілерге түсіндірді. "Ештеңе алып тасталмайды. Ақылы болады. 7 мың шақырым шамасындағы жол ақылы болады. Бұл негізінен Теміртау, Павлодар, Қапшағай автожолы сияқты трафигі жоғары жерлерде. Мысалы, екінші және үшінші категориясындағы жолдарда - бұл Қапшағай жаңа тасжолы, ол жақта ақылы қызметі қайта қарау керек", - деген ол бұл мәселенің әзірше талқыланып жатқанын мәлімдеді.

Қасымбектің айтуынша, егер Қазақстан арқылы өтетін транзит өсетін болса, ел билігі жолдардың тек жүк көліктері мен автобустарға ақылы етеді.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети