Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері Шымкентте

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері Шымкентте

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келді.

Кездесудің басты мақсаты - сындарлы диалог құру және кеңейтілген ақпараттық іс-шаралар арқылы парасаттылық қағидаттарын дамыту.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды көздеген Штаб мүшелері алғашқы кездесуін қала активімен өткізді.

Парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған жиынға қала әкімі М.Әйтенов, республикалық үгіт-насихат штабының басшысы Ы.Тұрсынзада, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі А.Бердалин, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы А.Жұмағали, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы С.Мәжінбеков, "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен Арнайы мониторингтік топтың мүшелері қатысты.

Іс-шарада Штаб құрудың қоғам алдындағы маңыздылығы түсіндіріліп, сыбайластықтың алдын алу үшін қоғамдық санаға серпіліс жасау арқылы жоюға болатындығы айтылды.

"Сананы өзгерту керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес", - деді Агенттіктің ресми өкілі А.Бердалин.

Штабтың құрамында бірде-бір мемлекеттік қызметші жоқ. Барлығы қоғам белсенділері.

"Штабқа мүше боламын, жемқорлыққа бей-жай қарамаймын, адалдық принципіне үлес қоссам деген азаматтар болса, бәріне есігіміз ашық", - деді Штаб жетекшісі Ы.Тұрсынзада.

Айта кетейік, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған Ақпараттық-ағартушылық штаб жұмысын өткен жылдың соңында бастап, қазіргі таңда бірқатар ұжымдармен, жастармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети