РФ СІМ өкілі тек қазақ тілінде шығатын теңгеге байланысты пікір білдірді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

РФ СІМ өкілі тек қазақ тілінде шығатын теңгеге байланысты пікір білдірді © РИА Новости

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Қазақстан валютасының дизайнындағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Говорит Москва" радиосына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Қазақстан валютасының дизайнындағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Говорит Москва" радиосына сілтеме жасап. 

Мария Захарова өзгерістер "Республиканың ішкі ісі" екенін айтты. "Бұл мәселе тек Қазақстан контекстінде ғана емес, <…> сонымен қатар, тілі орыс адамдар тұратын бүкіл аймақтың және біздің назарымызда", - деді дипломат.

Сыртқы саясат ведомствосының өкілі Мәскеу Астанамен байланыста екенін атап өтті.

Бұдан былай банкноталар мен монеталарда мәтіндер тек мемлекеттік тілде жазылады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Жарлығында айтылды. Өзгеріс 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети