Риддер әкімі қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддер әкімі қызметінен кетті Фото:gov.kz

Риддер әкімі Дәулет Батырбаев сегіз айлық жұмыстан кейін қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yk-news.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддер әкімі Дәулет Батырбаев сегіз айлық жұмыстан кейін қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yk-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым Noks.kz сайтына сілтеме жасап, Риддер әкімі бұл қызметте бар болғаны сегіз ай жұмыс істегенін жазды.

"Қысқа уақыт ішінде көп дүние жасай алдық. Қаланың жылу жүйесіндегі апаттың алдын алып, екі жаңа мектептің құрылысын бастадық, тұрғын үйлер мен кәсіпорындардан еріген суды бұру бойынша көктемгі сынақтан өтіп, қоғамдық көліктегі шиеленістерді сейілтті. Қалада мәдени-сауықтыру жұмыстары мен спорттық жұмыстар жандана түсті", - деді Дәулет Батырбаев әкімдік отырысында.

Дәулет Батырбаевтың айтуынша, әлеуметтік желілердегі сын жергілікті тұрғындар көтерген барлық мәселелерді тез шешуге көмектесті.

"Мен жаңа басшылық барлық жоспарларды жүзеге асыра алады деп сенемін және қала тұрғындарының өмірін жақсартады және оңды етеді деп сенемін", - деді Риддердің бұрынғы әкімі.

Риддер әкімінің міндетін атқарушы болып тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және өнеркәсіп салаларына жетекшілік ететін әкімнің орынбасары Мұрат Байжүменов тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети