Риддер ЖЭО бұрынғы басшылары 5,5 миллиард теңге борышын өтеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддер ЖЭО бұрынғы басшылары 5,5 миллиард теңге борышын өтеді Фото. ШҚО әкімдігі

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті жүргізген тергеу барысында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы меншік иелері 5,5 млрд теңгеден астам борышын, оның ішінде жалақы және салық міндеттемелері бойынша қарыздарын төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, жылу энергиясын өндіру станциясы қарызсыз мемлекет меншігіне өтеусіз негізде қайтарылды.

Еске сала кетейік, Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары жөндеу жұмыстарына арналған қаражатты ұрлаған, нәтижесінде қала тұрғындары жылу энергиясын беру кезінде станция бірнеше рет істен шыққан.

Жылу электр орталығының бұрынғы басшыларына қатысты мемлекетке аса ірі мөлшерде, 4,1 миллиард теңге сомасында залал келтірді деген күдікпен, алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети