Риддер қаласына жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддер қаласына жаңа әкім тағайындалды © ШҚО әкімдігі

Риддер қаласына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддер қаласына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

"Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің өкімі бойынша Риддер қаласының әкімі болып Дмитрий Горьковой тағайындалды. Ол бұрын Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болған", - делінген хабарламада.

Даниал Ахметов жаңа басшыны таныстырды.

Дмитрий Горьковой 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін Құқықтану мамандығы бойынша және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін Қаржы және кредит мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы ШҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қаржы полициясы органдарында бастады. 2015 жылдың тамыз айынан бастап осы күнге дейін Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети