Риддер тұрғындары жаңа жұмыс кестесіне ауысты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Риддер әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Риддер әкімдігінің баспасөз қызметі

Риддерде мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен әлеуметтік қызметтердің жұмыс кестесі өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Риддерде мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен әлеуметтік қызметтердің жұмыс кестесі өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

14 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысының Риддер тұрғындарының жұмыс күні бір сағатқа ертерек – таңғы 08:00-де басталып, 17:30-ға дейін жалғасады. Түскі үзіліс уақыты 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді.

Қалалық әкімдік бұл өзгерістің басты мақсаты – еңбек процесін оңтайландырып, жұмыс тиімділігін арттыру екенін атап өтті.

"Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының 11 ауданы жаңа жұмыс кестесіне көшті, біз де бұл бастаманы қуана қолдадық. Жұмыс уақытының өзгеруі – күн тәртібін ыңғайлы әрі өнімді етуге жасалған қадам. Енді тұрғындардың энергиясы үнемделіп, таңғы уақыт тиімді пайдаланылады. Сондай-ақ, күндізгі жарықта көбірек іс тындыруға мүмкіндік бар", – деді Риддер әкімінің орынбасары Болат Ақужанов.

Оның айтуынша, бұл өзгерістер жұмыс істейтін азаматтар мен олардың отбасылары үшін де пайдалы болмақ.

Айта кетейік, жаңа жұмыс кестесі мектептерге, балабақшаларға және медициналық мекемелерге әсер етпейді, себебі олар бұрыннан 08:00-ден бастап жұмыс істеп келеді.

Риддер әкімінің орынбасары Болат Ақужановтың сөзінше, жұмыс уақытын өзгерту туралы шешім қабылдамас бұрын қала тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізіліп, мәселе жан-жақты талқыланған.

"Қала тұрғындары бұл бастаманы қолдады. Жаңа жұмыс кестесі уақытты тиімді пайдалануға және жұмыс пен жеке өмір арасындағы теңгерімді сақтауға көмектеседі деп есептеймін", – деп қорытындылады әкім орынбасары.

Айта кетейік, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне өтті. Алайда 7 маусымда уақытты қайта өзгертуге қатысты петиция басталып, 50 мыңнан астам қол жиналғанымен, ол қабылданбады.

2025 жылдың қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданы жаңа жұмыс уақытына көшті.

5 қаңтардан бастап Катонқарағай ауданының 17 ауылы, 24 ақпанда – Марқакөл мен Үлкен Нарын аудандары, 5 наурызда – Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Самар аудандары, 12 наурызда – Алтай мен Ұлан аудандары жаңа кестемен жұмыс істей бастады. Бұл аудандарда жұмыс күні 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс – 12:00-13:30 аралығында белгіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro