14 қараша 2018 14:15

Риддерде су құбыры қатып қалды: Тұрғындар сусыз отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© medyaurfa.com © medyaurfa.com

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының тұрғындары үш күн қатарынан сусыз отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ауа райының күрт суып кетуіне байланысты су құбырында ақаулар пайда болған. 


Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының тұрғындары үш күн қатарынан сусыз отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ауа райының күрт суып кетуіне байланысты су құбырында ақаулар пайда болған. 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуат Мұхамедчиновтың айтуынша, Риддер қаласының каналын мұз басқан. 

"Ауа райының кенеттен суып кетуіне байланысты, су араласқан мұз каналды бітеп қалды. Қазіргі уақытта оны үш машина жылытып жатыр", - деді Мұхамедчинов. 

Штаттан тыс жағдай үш күн бұрын болды, тұрғындарға жер асты құбырын іске қосқаны туралы айтып, таяу уақытта жағдайдың реттелетініне уәде берген. Тұрғындарға түнгі уақытта су алып алуға кеңес берілді, сол уақытта баяулап болсын су толтырып алуға болады екен. Алайда Риддер қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде түнгі уақытта да судың болмағанын айтады. 

"Түнде де су болмады, бұл барып тұрған өтірік. Қаншасыншы жыл осы мәселе қайталанып тұр, ештеңе өзгермейді", - деді Валентина Бритоусова әлеуметтік желіде. 

Қазіргі уақытта тұрғындарға суды су тасығыш көліктермен жеткізіп жатыр. Мектептер мен балабақшалардың сабағы түске дейін қысқартылды. Қала басшылығы осы мәселені таяу уақытта шешуге уәде берді, алайда суды үнемдеуе шақырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети