24 мамыр 2021 | 09:39

Риддерде зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй салуға 557 миллион теңге бөлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Риддер тұрғындарымен кездесіп, өрт салдарынан зардап шеккендерге  арналған тұрғын үй құрылысының барысын тексерді. Риддерде өрт салдарын жою үшін 557,5 миллион теңге бөлінді, - деп хабарлайды Primeminister.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Риддер тұрғындарымен кездесіп, өрт салдарынан зардап шеккендерге  арналған тұрғын үй құрылысының барысын тексерді. Риддерде өрт салдарын жою үшін 557,5 миллион теңге бөлінді, - деп хабарлайды Primeminister.kz.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Риддер қаласына барды.

Фото: primeminister.kz

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Риддер қаласында болған өрттен зардап шеккен барлық отбасылар жақын арада жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі", - деді Мамин.

Өрттен зардап шеккен отбасыларға арналған 30 жаңа тұрғын үйдің құрылысы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қарастырылған Үкімет резервінің қаражаты есебінен жаңа "Ботаника үшінші тұрғын үй ауданында" жүргізіледі. Әр үйдің ауданы – 80 шаршы метр, ал үй маңындағы жеке учаске көлемі – 10 сотық.

"Риддер қаласында болған өрт салдарын жою үшін 557,5 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын "ОблШығысЖол", "VK Invest Company", "QK Sunqar", "Востоквзрывпром", "Kazprofstroy Holding" компаниялары жүргізеді. Үйлердің құрылысын биылғы 15 тамызға қарай аяқтау жоспарланған. Жаңа шағын ауданда барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынады", - делінген премьер-министр сайтында.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Риддер қаласының маңындағы орманда жойқын өрт туралы видео тараған болатын. Видеоны ШҚО ТЖД мен куәгерлер жолдаған. Бастапқыда өрттен 14 үй зардап шеккені айтылған еді, алайда кейінірек 35 үйді жалын шарпығаны анықталды. Төтенше жағдайдан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккені, олар ауруханада жатқаны хабарланды. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Лесхоз кентінің өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети