11 мамыр 2021 | 09:07

Риддердегі алапат өрт: полиция тергеу бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО полиция департаменті өңірдегі өртке байланысты соталды тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ШҚО полиция департаменті өңірдегі өртке байланысты соталды тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полициядағылардың айтуынша, қазіргі уақытта өрттің барлық нұсқасы қаралып жатыр. 

"Қазіргі уақытта Риддер қаласының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексі 204-бабының 2-бөлігіне сәйкес соталды тергеу бастағанын хабарлаймыз", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Риддер қаласының маңындағы орманда жойқын өрт туралы видео тараған болатын. Видеоны ШҚО ТЖД мен куәгерлер жолдаған. Бастапқыда өрттен 14 үй зардап шеккені айтылған еді, алайда кейінірек 35 үйді жалын шарпығаны анықталды. Төтенше жағдайдан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккені, олар ауруханада жатқаны хабарланды. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Лесхоз кентінің өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети