Энергетика министрі Болат Ақшолақов Риддердегі жылу электр орталығында болған апатқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Риддердегі жылу электр орталығында болған апатқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Риддердегі жағдай қиын. Үш қазандық жұмыс істеп тұр. Алтыншы негізгі қазандықты кеше іске қостық. Өкінішке қарай, түнде қазандықты тоқтатуға мәжбүр болдық. Қазір ол салқындап тұр, салқындағаннан кейін тексеріледі. Үш қазандық іске қосылды, олар жылу беріп тұр", - деді Болат Ақшолақов Сенатта журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Жаңа қазандық салу туралы сұраққа министр бөлек салу керегін айтты.
Министр станция иелеріне қатысты шаралар қарастырылғанын да мәлімдеді.
"Қазір апат сипатын түсінуге және тез қалпына келтіруге уақыт қажет. Мұның бәрі жабдықтың тозуына байланысты. Ең бастысы - қазір су температурасы", - деп түсіндірді Энергетика министрлігінің басшысы.
Сонымен қатар, Ақшолақов Риддердің Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру жөніндегі жоспарларға кіретінін атап өтті. Журналистер министрден Риддерде жаңа ЖЭО салынып-салынбайтынын сұрады.
"Есептеу керек. Бұл жылу мен электр энергиясының оңай соқпайды. Бұл да тариф. Мұндай қажеттілік көптеген аймақта бар. Болашақта тарифтің өсуі бір сәтте емес, біртіндеп болуы керек. Мемлекетке шамамен 500 миллиард теңге қажет, бұл жүйені қалпына келтіруге, жаңартуға қжет шығын ", - деп қорытындылады Энергетика министрлігінің басшысы.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өкілі Риддер ЖЭО-да үш қазандық жұмыс істейтінін айтты. Әкімдік мәліметінше, № 6 қазандық "штаттан тыс жағдайға байланысты тоқтатылған". Оны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, 5 қарашада Риддерде жергілікті ЖЭО-да апат болды. Салдарынан 22 мың абонент жылусыз қалды, қалада төтенше жағдай жарияланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!