17 сәуір 2014 | 14:11

Риддердегі шұңқырға құлаған үй иелеріне ақша берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Риддердегі үй құлаған шұңқыр. Риддердегі үй құлаған шұңқыр.

 ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Риддерде қираған үйге қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

 ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Риддерде қираған үйге қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазіргі таңда бұл мәселе жан-жақты қарастырылуда. "Қазцинк" Риддерде қираған үйдің иелеріне басқа үй сатып алуға немесе жаңа үй салуға жетерліктей қаржы бөлді. Сондай-ақ сол аймақтағы басқа 43 үйге де әр тұрғын үйдің жағдайына қарай 100 және 200 мың теңге матриалдық көмек көрсетілді, деп жауап берді әкім журналистердің сұрақтарына.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Риддер қаласында тұрғын үйлер маңында пайда болған шұңқырға бір үй құлап кеткен болатын.

"Әзірге біз "Қазцинк" компаниясын бұл төтенше оқиғаға кіналап, қандай да бір жаза қолдана алмаймыз. Өйткені бүгінде төтенше жағдайлар қызметкерлерінен, экологтардан, басқа да мамандардан құрылған комиссия аталған оқиғаны тексеріп жатыр. Осы комиссия кімнің кінәлі екенін нақты анықтауы тиіс. Сонда ғана біз кінәлілерге жаза қолдана аламыз", деді Б.Сапарбаев.

Үстіміздегі жылдың 4-сәуірінде Риддер қаласында пайда болған көлемі 50 де 50 шұңқырға бір тұрғын үй құлап кеткен болатын. Әйтеуір, ең бастысы тұрғындар дін аман. Төтенше жағдай Риддер-Сокольский кенішінің маңында орын алған. Шұңқыр маңында басқа да 50-ге жуық тұрғын үй бар. Осы оқиғаға байланысты қазіргі кезде  Риддер-Сокольский кеніші тексерілуде. Шахта жұмысы уақытша тоқтатылған. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети