22 желтоқсан 2014 17:17

Риддерге өзге аймақтан барған жұмысшылар пәтер алды

Фото ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі сайтынан алынды

22 желтоқсанда құрамында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бар үкіметтік делегация Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапармен барды. Үкіметтік делегация мүшелері "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша салынған екі үйдің біреуіне қоныс аударған отбасыларға пәтер кілттерін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram