Рим Папасы Қазақстанға ресми сапармен келеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
akorda.kz akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс режимде Рим Папасы Францискпен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс режимде Рим Папасы Францискпен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды.

Биыл қыркүйек айында елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің күн тәртібіне баса мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл форумның Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Президент конфессияаралық келісім мен бірліктің қазақстандық моделі туралы айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Рим Папасына Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар жөнінде мәлімет берді.

Рим Папасы кездесуге мүмкіндік бергені үшін Президентке ризашылығын білдіріп, Қазақстанға ресми сапармен келетінін, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысатынын растады. Сондай-ақ өзінің Қазақстанға сапары мен алдағы уақытта өтетін форумнан үлкен үміт күтетінін жеткізді.

"Мен дінаралық диалогты, мемлекеттердің бірлігі мен жақындасуын ілгерілету тұрғысынан осы келелі жиынды тағатсыздана күтемін. Мұның қазіргі уақытта мәні өте зор", - деді Католик шіркеуінің басшысы. 

Понтифик қазіргі күрделі геосаяси жағдай кезінде әлемде бірлік пен келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өтті.

"Сіздің еліңіздің қаншалықты әралуан және тұтас екенін көріп отырмыз. Бұл - тұрақтылықтың негізі. Қазақстанда бұған түсіністікпен қарайтынына қуаныштымыз. Менің қолдауыма сенуіңізге болады. Сіздің күш-жігеріңізді бағалаймын", - деді Рим Папасы.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қасиетті Тақпен рухани келісім және өзара құрмет көрсету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін нақтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro