ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 қыркүйек 2022 17:24
Рим папасы Нұр-Сұлтанға келді
Рим Папасы Франциск Нұр-Сұлтанға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ITA Airways әуекомпаниясының AZ4000 рейсі елорда әуежайына сағат 17.18-де қонды.
"Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатқан Рим Папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонды. Қадірлі қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алады", - делінген Ақорда баспасөз қызметі хабарламасында.
Еске салайық, Рим Папасы Франциск Қазақстанға ұшып келетіні хабарланған болатын. Бұл туралы Ватиканның ресми сайты жариялады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу