08 тамыз 2016 08:50

Рио Олимпиадасы: Бүгін қазақстандық бірнеше боксшы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© baistars.kz © baistars.kz

Vesti.kz порталы Рио-2016 ойындарының бүгінгі кестесін ұсынады. 


Vesti.kz порталы Рио-2016 ойындарының бүгінгі кестесін ұсынады. 

Үшінші жарыс күні үш салмақ категориясында үш бірдей қазақстандық боксшы жұдырықтасады. Риодағы бірінші жекпе-жегін Біржан Жақыпов, Жәнібек Әлімханұлы және Василий Левит өткізеді. Медаль үшін қазақстандық зілтемірші Фархд Харки таласады. Ол 62 келіге дейінгі категорияда өнер көрсетеді. 

8 тамызға арналған кесте:

Ату. Ерлер. Пневматикалық винтовка. Іріктеу кезеңі
Юрий Юрков.
Басталуы 18.00-де.  

Садақ ату. Ерлер, әйелдер. 1/32 финал. 
Сұлтан Түзелбаев, Луиза Сайдиева
Басталуы 18.00-де.

Академиялық ескек есу. Ерлер, әйелдер.
Владислав Яковлев пен Светлана Германович
Басталуы 18.30-да.

Дзюдо. Ерлер. 73 келіге дейін.
Дидар Хамза.
Іріктеу және 1/4 финал 19.00-де басталады. Репешаж, жартылай финал, үшінші орынға талас матчтары және финал 00.30-да басталады. Тікелей эфир 18.50-да. (КazSport)

Слалом есу. Бір адамдық байдарка. Әйелдер.
Екатерина Смирнова
Басталуы - 22.10.

Бокс. Ерлер. 49 келіге дейінгі.
Біржан Жақыпов.
Спортшы рингке 02.00-де шығады. 

Бокс. Ерлер. 75 келіге дейінгі.
Жәнібек Әлімханұлы.
Спортшы рингке 3.30-да көтеріледі. 

Бокс. Ерлер. 91 келіге дейінгі. 
Василий Левит.
Спортшы рингке 04.00-де көтеріледі. 

Ауыр атлетика. Ерлер. 62 келіге дейінгі. 
Фархад Харки. 
Басталуы 04.00-де. Тікелей эфир 03.55-те. ("Қазақстан")

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети