Рио Олимпиадасының бірқатар жүлдегеріне әскери шен табысталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рио Олимпиадасының бірқатар жүлдегеріне әскери шен табысталды © 24.kz

Рио Олимпиадасының бірқатар жүлдегеріне әскери шен табысталды, - деп хабарлайды 24.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рио Олимпиадасының бірқатар жүлдегеріне әскери шен табысталды, - деп хабарлайды 24.kz

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов "лейтенант" шенін иеленді. Дәл осындай атақ күміс және қола жүлдегерлер Елдос Сметов пен Василий Левит, Екатерина Ларионоваға да табысталды. Ал, Ұлттық гвардияның спорт командасының жаттықтырушылары Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко мерзімінен бұрын "капитан" атанды. "Динамо" спорт қоғамының атлетшілеріне әскери атақты Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов табыстады. Сондай-ақ, спорт қоғамының сапында жүрген олимпиаданың өзге де жүлдегерлері "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

Айта кетейік, егемендік алғалы бері "Динамо" спортшылары олимпиадада ел қоржынына жалпы саны 62 медаль салған. Оның 16-сы алтын, 19-ы күміс.

"Өте қуанышты көңіл-күйдемін. Еліме келіп осындай абыройлы, мәртебелі атақтарға ие болып отырмын. Өте қуаныштымын. Бүгінгі марапаттау үшін рақмет. Алдағы уақытта да сіздерді жеңістерімізбен қуанта береміз деген ойдамыз", - деді Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов.

"Мен ІІД-де 2011 жылдан бастап қызмет етудемін. Біз өзіміз спортта жүрген соң, қол тиген кезде барып жігіттерге қолдау көрсетіп тұрамыз. Кішкене демалып болған соң ары қарай жалғасады деген ойдамын. Жас балалар бар өсіп келе жатқан, соларды жаттықтырамыз деген ойдамыз", - деді Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети