Rita Ora Иманбекпен жазған трегі туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Rita Ora Иманбекпен жазған трегі туралы айтып берді

Rita Ora неге Иманбекпен трек жазуды ұйғарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ENERGY радиосына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Rita Ora неге Иманбекпен трек жазуды ұйғарғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ENERGY радиосына сілтеме жасап.

"Сәлем Рита, Иманбекпен бірге жазған "Bang Bang" жаңа әнінің шығуымен құттықтаймыз", - деді Energy радиосындағы "Қара бұрышпен шоу" жүргізушісі.

"Иә, біз Иманбекті жақсы көреміз!", - деді әнші.

"Бұған дейін ол теміржол станциясында жұмыс істеген, енді Грэммиге ұсынылды..." - деп жалғастырды жүргізуші.

"Бұл таңғаларлық жағдай! Менің ойымша, ол өте дарынды. Басында сенбеген едім. "Уау - бұл мен ғай!" деп ойладым. Ең кереметі - бізде бірнеше трек жасауға мүмкіндік болды. Біз бәрін Интернетте жасадық. Бірақ жақын арада Иманбекпен бір бөлмеде отырамыз деп үміттенемін", - деді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Radio ENERGY (@energyrussia)

Радио жүргізушілері Иманбекпен де әңгімелесті.

Олар Иманбектен Rita Ora екуі ән жазғанда еркелік болды ма деп сұрады.

"Иә, шынымды айтсам, "The one" әнін бірнеше рет жаздық. Менде бұл әннің көп нұсқасы бар, бірақ соңында қазір барлық алаңда жүктелген түріне тоқталдық", - деді қазақстандық диджей.

Сондай-ақ, одан бір жыл бұрын не армандағанын сұрады.

"Трек үшін бірінші роялти алдым, сол кезде өз ақшама көлік алуды армандағанмын", - деп жауап берді Иманбек.

Кейін радиожүргізушілер одан ата-анасы "Грэмми" туралы не ойлайтынын және оның не екенін біле ма, деп сұрады. 

"Қазір "Грэмми" "Оскар" сияқты екенін, бірақ "Оскар" актерлер үшін, ал "Грэмми" музыканттарға екенін біледі. Шынымды айтсам, олар шок болды, мен де!", - деді музыкант.

Иманбектен салтанатты рәсімге киетін киімі туралы да сұралды.

"Шыны керек, білмеймін. Бұл туралы әлі ойламаппын, не ки десе, соны киемін", - деп жауап берді ол.

Кейін диджей Рита Ораны қашаннан бері білетінін айтып берді. 

"Мен бұл әншіні 2014 жылдан бері білемін. Оған көзқарасым өте жақсы. Мен оның жанкүйерімін. Ал енді омен коллаб жаза аламын, ғажап! Бұл арман", - деді Иманбек.

Соңында жүргізушілер одан өз шығармашылығына баға беруін сұрады. 

"Менің ойымша, бәріне бірдей жаға бермейсің. Маған өзімнің музыкам ұнайды, қазір музыкамды көпшілік алдында тыңдаудан тартынбаймын. Мен жазатын стильдің жанкүйерлері бар, олар музыкамды тыңдап, мен сияқты ләззат алады", - деді музыкант.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети