13 желтоқсан 2020 | 15:23

Роналдудан көмек сұраған баланың дәрі-дәрмек мәселесі шешілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дюшеннің бұлшық ет дистрофиясымен ауыратын қазақстандық оқушы Аңсар Нұржановқа дәрігерлер анасы сұраған дәрі-дәрмекті жазып берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Дюшеннің бұлшық ет дистрофиясымен ауыратын қазақстандық оқушы Аңсар Нұржановқа дәрігерлер анасы сұраған дәрі-дәрмекті жазып берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аңсар қазір мүлдем жүре алмайды. Ауру оның барлық бұлшықетін, соның ішінде жүрегін баяу "жеп" жатыр. Баланың оқиғасын мына жерден оқуға болады.

"Алақай!!! Үйге ораламыз... Осы адамдардың тегін есіңізге сақтап алыңыз! Алдымен олар балаға үкім шығарды, мүмкіндік бермеді, содан кейін өздері дәріқағаз жазып, тағайындау жасады!!! Аталурен қауіпсіз, ол ұлыма тағайындалды! Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің ұлыма көрсеткен қамқорлық пен қолдауыңыз үшін рақмет", - деп жазды Әсел Нұржанова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асель & Ансар (@asselya1248)

Бұған дейін қазақстандық оқушының анасы үш жылдай дәрігерлерден баласын құтқара алатын еуропалық "Аталурен" препаратына дәріқағаз сұрағаны хабарланған. Ауруды емдеу мүмкін емес, бірақ оның дамуын тоқтатуға болады. Дәрігерлер Аңсар өздігінен жүре алмағандықтан, оған бұл дәріні жазу кеш екенін айтқан. 

"Алайда нұсқаулықта дәрінің толығымен сал науқастарда зерттелгені айтылған. Ал аздап болсын өзі қозғала алатындарда аурудың дамуын тоқтатады. Бірақ бұл дәлелдерді ешкім тыңдамайды", - деп шағымданған еді Әсел Нұржанова.

Осы оқиға жарияланғаннан кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәселеге назар аударған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети