05 қазан 2016 | 14:38

Росатом "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрменің әріптесі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© expo2017astana.com © expo2017astana.com

Росатом "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрменің әріптесі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Expo2017 сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Росатом "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрменің әріптесі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Expo2017 сайтына сілтеме жасап.

3 қазанда Қазақстан мен Ресейдің XIII Өңіраралық ынтымақтастық форумының шеңберінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ мен "Русатом Халықаралық Желі" келісімге қол қойды, келісімге сәйкес "Росатом" Атом энергиясы бойынша мемлекеттік корпорациясы "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесінің әріптесі болды.

Құжатқа "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқармасының Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов және "Росатом" Мемкорпорациясының Орта Азия бойынша Өңірлік орталығының ("Росатом Орталық Азия") басшысы Виталий Драгунов қол қойды.

Әріптестік мәртебе Росатомға ЭКСПО-көрмесінің барлық шешуші іс-шараларына қатысу және көрменің жер аумағында салалық іс-шаралар ұйымдастыру бойынша қосымша мүмкіндіктер береді.

Өз кезегінде "Росатом Орталық Азия" Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені Росатомның бүкіл әлем бойынша көрме-конференциялық іс-шаралары барысында әлемнің әртүрлі елдерінде  ақпараттық ілгерілетуді қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының шекаралық өңірлері Астана ЭКСПО-2017 қарсаңында логистика мәселесін қарастырып жатқаны белгілі болды. 

Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы» АҚ кеңсесінде Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы қарсаңында ұлттық компания Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Ресей Федерациясындағы бірнеше облыс губернаторларымен кездесті.  

"Ресейдің 14 өңірімен, оның ішінде 12 шекаралас облыстар, 34 млн. астам тұрғыны бар Татарстан Республикасы Свердловск облысынан көрмені тамашалауға көптеген туристер келеді деп отырмыз. Бүгінгі меморандумға қол қою Ресей Федерациясының өңірлерімен ынтымақтастықты нығайтып, Ресейден ЭКСПО-ға келушілер санын арттыруға ықпал етеді деген үміттеміз", - деді өз сөзінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов.

Меморандум аясындағы негізгі мақсат - туристік қызметтің инфрақұрылымын дамыту, ЭКСПО-2017 көрмесіне Ресей Федерациясы облыстарынан келушілерді тарту, баламалы энергия көздерін пайдалану, "жасыл" технология және т.б. саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту мен зерттеу.  

"Астана ЭКСПО-2017" көрмесі тақырыбының өзектілігін ескере отырып, ең алдымен өз пікірі бар, болашақ технологиясына, баламалы энергияны пайдалану бағытына қызығушылық танытып жүрген жандар келеді. Астрахань облысы – желі мен күні мол өңір. Сондықтан да біз үшін, әсіресе бизнес пен кәсіби сала мамандарына бұл өте қызықты. Турист ағымына қатысты, біз Астананы, ЭКСПО-2017 көргіміз келеді. Қазіргі таңда логистика мәселесін мейлінше тиімді ету үшін турагенттіктермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жатырмыз.

Басқосу барысында РФ бірқатар облысының губернаторларымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.


© expo2017astana.com

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети