"Роскосмос" Байқоңыр ғарыш айлағының монтаждау-жанармай құю кешенін қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Роскосмос" Байқоңыр ғарыш айлағының монтаждау-жанармай құю кешенін қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин Қазақстан Цифрлық даму министрлігі мен "Байқоңыр" корпорациясы иесі ретіндегі жеке тұлға арасындағы соттың аяқталуын күтпестен, ғимарат пен нысанды "Охрана" ҒТО күзетіне бүгіннен бастап алуды тапсырды. Қарулы күзет арнайы орынға шықты", - деді агенттік өкілі.
Бұған дейін Байқоңыр ғарыш айлағының монтаждау-жанармай құю кешеніне вандалдар кіріп, әлі жасалып бітпеген "Боран" ғарыш кемесіне граффити салып кеткені хабарланған болатын. Олар кемеге "Жақсылық", "Юра, біз келдік", "Жұлдыздарға ұшпас бұрын адам жерде өмір сүріп үйренуі керек" деп жазып кеткен. Сонымен қатар, "Боранға" төрт адамның қолтаңбасы қойылған.
Осы оқиғадан кейін "Роскосмос" баспасөз қызметі Ресей екі жақты үкіметаралық комиссияның келесі отырысында Байқоңырдағы нысандарды сақтау мәселесін көтеретінін айтты.
"90-шы жылдардың басынан бері пайдаланылмай келе жатқан Байқоңыр ғарыш айлағының нысанына белгісіз адамдардың кіруіне байланысты Ресей тарапы Байқоңыр бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының таяудағы отырысына бірегей нысандарды сақтау мәселесін шығарады", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
Байқоңырда сақталып қалған "Боран" ғарыш кемесі "Байқоңыр" зымыран-ғарыш компаниясы" АҚ-қа тиесілі. Былтыр қарашада Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин оған қызығушылық танытып, иесін іздей бастаған.
Кейін кеме иесі Дәурен Мұса Рогозинге жауап берді. Ол Роскосмостың ұсынысын қарастыруға дайын екенін айтты. Алайда кейінірек "Байқоңыр" РКК мен "Роскосмос" арасындағы "Боран" кемесінің макетіне қатысты келіссөздер жүргізілмегені белгілі болды. Оған "Байқоңыр" РКК мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арасындағы сот талқылаулары себеп болған.
Биыл 12 ақпанында Алматыда сот Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты. Ведомство акционерлік қоғамды жоюды, оның мүлкін мемлекеттік меншікке қайтаруды және кәсіпорыннан шамамен 14,8 миллиард теңге өндіріп алуды талап етті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!