Роза Кәрібжанова Мәдениет комитеті басшысы қызметіне тағайындалды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Роза Кәрібжанова Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Роза Кәрібжанова Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

"Кәрібжанова Роза Самидоллақызы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ақан Әбдуәлиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мәдениет комитеті төрағасы қызметінен босатылды.

Роза Кәрібжанова 1964 жылы Торғай облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін, Еуразия гуманитарлық институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Торғай облысы Қима ауданы Үкі ОМ тарих пәнінің мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі болып бастады.

1988-1991 жылдары - Қима аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Торғай облыстық комитетінің хатшысы.

1991-1994 жылдары - Семей облыстық жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, басшысы.

1994-2000 жылдары - Семей облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының, Семей қаласы жастар, туризм және спорт комитетінің бас маманы, Семей қаласы білім, жастар және спорт басқармасының тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің басшысы.

2000-2003 жылдары - ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің мұрағат пен құжаттаманы басқару комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім басшысы.

2003-2008 жылдары - ҚР премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы.

2008-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Жастар саясаты департаментінің директоры.

2016-2019 жылдары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры.

2019-2020 жылдары - "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro