27 қаңтар 2021 16:50

"Розыбакиевтегі қорған орнына тұрғын үй салынады": Алматы әкімдігі ақпаратты жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Рашит Ильясов/Tengrinews.kz Фото: ©Рашит Ильясов/Tengrinews.kz

Әлеуметтік желілерде Алматыда Розыбакиев көшесіндегі қорған орнына тұрғын үй кешені салынуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. Қала тұрғындары тарихи қабірдің жанына қоршау салынғаннан кейін осындай тұжырымға келген. Әкімдік өкілдері ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде Алматыда Розыбакиев көшесіндегі қорған орнына тұрғын үй кешені салынуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. Қала тұрғындары тарихи қабірдің жанына қоршау салынғаннан кейін осындай тұжырымға келген. Әкімдік өкілдері ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы белсенділері ашық алаңда сақ мәдениетінің мұражайын құру жоспарланып, қоршалған қорғанды суретке түсіріп алған. Әлеуметтік желі қолданушылары мәдениет ескерткіші орнында тұрғын үй кешенін салу жоспарланып отырғанын жазып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Недвижимость АЛМАТЫ 🇰🇿 (@vsejk)

Қорғанның оңтүстік және шығыс жағына шынымен қоршау салынып жатыр. Оны тілшіміз көріп қайтты. 

Суреттер: Рашит Ильясов

Алматы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі өкілдері қорған аумағында тұрғын үй кешенінің құрылысы жоспарланбағанын хабарлады.

"2019 жылы "Алматы қаласы музейлерінің бірлестігіне" "Сақ қорғанын музейлендіру археологиялық кешенінің" құрылысына сәулет жоспарлау тапсырмасы берілді. Қазіргі уақытта "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК эскиз жобасын әзірлеп жатыр", - деп хабарлады қызмет өкілдері.

Еске салайық, Розыбакиев және Штраус көшелерінің аумағында орналасқан қорған орнындағы ашық мұражай құрылысы 2017 жылы жоспарланған болатын. Қорған ерте темір дәуірі, біздің заманымызға дейінгі V ғасырға жатады. Болашақ орталық ресми түрде "Сақ қорғанын музейлендіру археологиялық кешені" деп аталады. Бұл тұста жақын маңдағы аудандарда көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатқанын айта кеткен жөн.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети