09 қыркүйек 2015 | 14:38

Рубльмен бағам айырмасына байланысты Қазақстанның автозауыты 55 миллиард теңге жоғалтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аvtovolgograda.ru © Аvtovolgograda.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Даниал Ахметов Мемлекет басшысына әлеуметтік-экономикалық ахуал, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы, сондай-ақ өңірдегі аграрлық сектордың дамуы жөнінде баяндады.

Қазақстан Президенті әлемдік экономикадағы қиындықтар елдегі ахуалға әсерін тигізіп отырғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев елдің ірі өнеркәсіптік орталығы болып саналатын Шығыс Қазақстан облысы үшін осы кезеңді жаңа жағдайда айтарлықтай ауыртпалықсыз өткеру маңызды екеніне тоқталды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі өнеркәсіп саласындағы жағдайды баян етті.

"Өнеркәсіп өнімінен басқа әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің бәрі алдыңғы кезеңдегіден жоғары. Бұл бірінші кезекте валюта нарығындағы жағдайға байланысты. Бірақ бүгінгі таңда ахуал оңалып келеді. Мысалы, "Қазмырыш" кәсіпорынында бірінші жартыжылдықта өнім өткізудегі іркіліс 10 миллиард теңге болған, қазір ол 3 миллиард теңгеге дейін қысқарды", - деді Ахметов.

Сонымен қатар, Даниал Ахметов "АЗИЯ АВТО" зауытындағы жағдай туралы да айтты. "Рубльмен арадағы баға айырмасына байланысты зауыт сатылымнан 55 миллиард теңге зиян шекті, бұл шамамен 12 мың машина. Қазір бұл мәселе де шешіліп жатыр. Валюталық теңгерімді қалпына келтіру арқасында біздің автомобильдердің сатылымы өсіп келеді", - деді облыс әкімі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети